87164378353
Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін
Түсінік хат
Білім беру саласындағы инновациялармен байланысты динамикалық өзгерістер мектеп әкімшілігінен білім беру процесін тиімді іске асыру үшін өзгерістерді жоспарлау мен басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді. Білім беру ұйымының заманауи басшысында басқару құзыреттілігі болуы тиіс, өзінде стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, бүкіл мектеп командасының тиімді жұмыс нәтижесін көрсете алуы керек. Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңызды. Бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін жыл сайын әрбір мектеп "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жоспарын әзірлейді (бұдан ары - МІБ). Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады: 1. Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау; 2. Оқу процесінің сапасын бақылау; 3. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау; 4. Оқу-зерттеу қызметі; 5. Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау; 6. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау. Мектепішілік бақылауды жоспарлау алдында аналитикалық деректерге сүйене отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселесін шешу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерді анықтау мақсатында SWOT талдауын жүргізген жөн. 6 бағытқа назар аудара отырып, әр мектептің әкімшілігі оқу жылының соңында бақылау объектілерін анықтайды және нақты білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін жетілдіру идеясына бағытталған басқару шешімдерін болжайды.
Мектепішілік бақылау жоспарын іске асыру бойынша әзірленген Нұсқаулық мектеп басшысы мен орынбасарларын қамтитын басқару тобына мектепішілік бақылауды іске асыруға жауапты барлық бағыттар бойынша тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың пәрменді моделін құруға көмектеседі. Нұсқаулықта нақты мектептің жағдайына бейімделуге болатын келесі материалдар берілген: 1. Бақылаудың әрбір бағыты бойынша «Басқару шешімдерінің матрицасы»; 2. Мектепішілік бақылау Жоспарының үлгілері мен жалпыланған нұсқалары. Ұсынылатын материалдың әр нұсқасы тәжірибелік тұрғыдан құнды, өйткені оқу-тәрбие процесінің барлық көрсеткіштерінің жақсаруымен қатар, күшті жақтарын арттырып, қауіптерді азайту үшін МІБ жоспарын қолайлы, өзекті етуге мүмкіндік береді. «Басқару шешімдерінің матрицасы» - қауіптерге негізделген объектілерді анықтауға арналған ыңғайлы алгоритм, ол сонымен қатар анықталған мәселені түзету немесе жою үшін басқарушылық шешімнің нұсқасын ұсынады. Жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен тартылған әкімшілік ресурстардың орындылығы басқарушылық шешімдерді таңдауға байланысты болады. МІБ жоспарының үлгілері мен жалпыланған нұсқалары бақылау жоспарының тақырыбын, мақсатын, түрін және басқа элементтерін анықтауда қиындықтары бар мектеп командалары үшін пайдалы болады. МІБ жоспарлау кезінде SMART критерийлеріне сәйкес келетін (нақты, өлшенетін, қолжетімді, шынайы, уақытпен шектелген) бақылау мақсатын қоюға ерекше назар аудару қажет. Әдістемелік бірлестік жетекшілерін, тәжірибелі педагогтарды, шығармашылық топтарды жұмысқа тарта отырып, мектеп командасының әрбір субъектісінің жауапкершілік дәрежесін дұрыс бөлу маңызды. Әр мұғалім мен сынып жетекшісі өз жұмысының әлсіз жақтарын дербес анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде түзететін өзін-өзі бақылау құралдарын әзірлеу басқарудың тиімді қадамы бола алады.
Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32
Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/
Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна