“Менің отбасым” тренингі
«Кәсіби өсу мектебі» жобасы және «Ата-аналарды қолдау» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 1 желтоқсанында мектепте ата-аналармен «Менің отбасым» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: отбасы құндылықтарын қалыптастыру және дамыту. Адам үшін отбасы дегеніміз не? Барлығына түсінікті сөз. Отбасы – бұл жай ғана екі адамның одағы немесе ата-ана мен бала одағы емес. Шындығында, отбасын өз ережелері мен заңдары бар, қоғамның әрбір ұяшығы өзінше болатын тұтас мемлекетпен салыстыруға болады.