9 сыныпта Сынып сағат

16.05.2025

4 мамыр күні 9-сыныбымызда маңызды ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуы мен оқушылардың болашағына қатысты өзекті мәселелер қаралды:
 1. Мемлекеттік қорытынды аттестацияны (МҚА) өткізу тәртібі.
 2. Пән мұғалімдерінің ОЖСБ-ға дайындық бойынша ұсыныстары — әр пән бойынша пайдалы кеңестер берілді.
 3. Педагог-психолог Комбатурова Н.Н.-ның баяндамасы — емтихан кезеңіндегі жасөспірімдерді психологиялық қолдау туралы.
 4. Мамандық таңдау мәселесі — болашақ бағыт пен оқу орындарын анықтау жайы талқыланды.
 5. Түрлі ұйымдастыру мәселелері.

Ата-аналарға белсенділік танытып, балаларымыздың болашағына бей-жай қарамағандары үшін алғыс білдіреміз!
Біз – бірлескен ұжымбыз, және бірге болғанда ғана 9-сынып түлектерін маңызды кезеңнен лайықты өткізе аламыз.

Сынып жетекшісі: Қозбағарова Г.С.

Просмотров: 998


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу