Мектепалды алаңы 1 ауысым

05.06.2025

Бүгінгі күн «Күншуақ» мектеп жанындағы алаңында шынымен ұмытылмастай өтті!
Көңілді музыкалық жаттығудан кейін балалар тамаша көңіл-күйге бөленіп, жаңа белестерге дайын болды.

Содан кейін «Сіз білесіз бе...?» атты танымдық викторина өткізілді. Балалар бұл сайысқа белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Викторинадан кейін шығармашылық шеберлік сағаты ұйымдастырылды: балалар жазғы пейзаждарды салып, өз көңіл-күйлерімен бөлісті. Жасалған суреттер алаңның стендін безендіріп, нағыз мерекелік атмосфера сыйлады.

Одан соң балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған қызықты викторинаға қатысты. Оны ауыл кітапханашысы — Ирина Александровна жүргізді. Балалар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Күн ашық аспан астындағы қимыл-қозғалыс ойындарымен аяқталып, балаларға шаттық пен қуаныш сыйлады. Мұғалім Мухамедалинов А.Т.

Просмотров: 1273


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу