“Күн” мектеп жанындағы алаңы

10.06.2025

2025 жылғы 9 маусым

Таңертең көңілді жаттығудан басталды — балалар көңілді әуен ырғағымен әртүрлі жаттығуларды ынтамен орындап, бүкіл күнге сергектік алды.

Жаттығудан кейін «Заң және мен» атты сурет байқауы өтті. Қатысушылар заң мен әділдікті өз түсініктері бойынша бейнелеп, күнделікті өмірдегі тәртіп пен ережелердің маңызын суреттер арқылы көрсетті.

Одан кейін балалардың құқықтарына арналған флешмоб ұйымдастырылды. Балалар өз құқықтарын нық және сенімді түрде айтып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.

Күннің соңында балалар таза ауада қозғалмалы ойындар мен спорттық жарыстарға қатысып, уақытты көңілді өткізді.

Просмотров: 872


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу