“Солнышко” мектепданындағы алаң

11.06.2025

Бүгін мектеп жанындағы алаңда қызықты ойындарға, күлкі мен қуанышқа толы керемет күн өтті. Жоспарға сәйкес «Барлық ертегілер бізге» атты викторина ұйымдастырылды. Бұл шара барысында қатысушылар өздерінің ең танымал және сүйікті ертегілер туралы білімдерін сынады. Сұрақтар алуан түрлі болды: классикалық орыс халық ертегілерінен бастап шетелдік авторлардың белгілі шығармаларына дейін қамтылды. Командалар зор қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, сүйікті кейіпкерлерін еске түсірді.

Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаз – Ярошенко Виктория атанды. Ол барлық тапсырмаларды тамаша орындап, жоғары эрудиция деңгейін көрсетті. Виктория мақтау қағазымен марапатталып, оның жеңісі басқа қатысушылар үшін шынайы шабыт көзі болды.

Викторинадан кейін балалар далада белсенді ойындар ойнады. Оларға «Қуаласпақ», «Ыстық доп», «Бояулар» сияқты түрлі ойындар ұсынылды. Мектеп жанындағы алаңдағы күн тек көңілді ғана емес, сонымен қатар танымдық тұрғыдан да пайдалы өтті.

Просмотров: 1004


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу