"Күн" мектеп алаңы 2 ауысым

17.06.2025

16.06.2025ж Бүгін мектеп жанындағы жазғы алаңда жазғы демалыстың екінші маусымы салтанатты түрде ашылды! Күніміз көңілді әрі әсерлі "Ура, каникулы!" атты ойын-сауық бағдарламасымен басталды. Балалар шаттыққа бөленіп, жаздың көтеріңкі көңіл-күйін сезінді. Алаңда таза ауада түрлі қимылды және командалық ойындар ойналып, балалар белсене қатысып, бір-бірімен дос болып, уақыттарын қызықты өткізді. Алда бізді әлі талай қызықты шаралар, тосын сыйлар мен жарқын сәттер күтуде! Жаз жалғасуда – ол ұмытылмас болады! Мұғалім А.Мухамедалинов

Просмотров: 524


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу