“Солнышко” мектеп жанындағы алаң

20.06.2025

20 маусым күні мектеп жанындағы жазғы алаңда өте көңілді әрі қызықты өтті!
Таңертең "Бұл — қызықты кино" атты сурет байқауы өтті. Балалар сүйікті фильмдері мен мультфильмдерін еске түсіріп, сол сәттерді қағаз бетіне түсірді. Танымал кейіпкерлер мен әсерлі көріністер суреттерде қайта тірілді. Әр бала өзінің қиялын көрсетіп, шығармашылықпен жұмыс жасады – нағыз шағын көрме пайда болды!
Сурет салғаннан кейін таза ауада серуендеп, қозғалмалы ойындар ойнадық. Эстафеталар, жарыстар мен көңілді ойындар балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.
 Күннің соңы тыныш әрі жылы атмосферада өтті. Балалар "Қиялда" ойынында қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамытып, ал "Мемо" ойынында зейін мен есте сақтау қабілеттерін жаттықтырды. Барлығы белсенді қатысып, бір-біріне көмектесіп, жеңістерге қуанды.
Күн тез өтіп кетті, бірақ артына көптеген күлкі, жаңа әсерлер мен жақсы көңіл-күй қалдырды!

Просмотров: 1083


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу