“Солнышко” мектепжанындағы алаң
26.06.2025
26 маусым күні мектеп жанындағы алаңда ерекше жарқын және қызықты күн өтті! Таңертең балалар белсенді жаттығудан бастады — бұл олардың көңіл-күйін көтеріп, күн бойы сергек болуға көмектесті Жаттығудан кейін балалар сурет салу байқауына қатысты. Қиялдарына ерік берген балалардың туындыларынан ертегі кейіпкерлері, жазғы табиғат көріністері мен сүйікті жануарлар бейнеленді. Әр сурет — нағыз өнер туындысы! Ал сурет салғаннан кейін балаларға балмұздақ таратылды — бұл олар үшін жағымды тосынсый болды! Одан кейін балалар үстел ойындарын ойнап, зейінділік пен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын сәттері қызықты әрі достық жағдайда өтті! Күннің соңында — таза ауада қозғалмалы ойындар ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл-күй мен сергектік сыйлады! Күніміз белсенді, қызықты және бірлікпен өтті — нағыз жаз осындай болу керек!