«Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

08.09.2025

2025 жылдың 8 қыркүйегінде, 6-сыныпта «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, оқиғаларымен, құндылықтарымен және дәстүрлерімен бөлісті. Балалар отбасының әрбір адамның өмірінде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Себебі дәл отбасында біз сүйіспеншілікті, қамқорлықты, сыйластық пен жауапкершілікті үйренеміз.

Сынып сағаты «Отбасы гүлін» құрумен аяқталды, онда әр оқушы өзінің отбасыдағы орнын және рөлін көрсетті. Бұл балаларға жақындарының өмірдегі маңызын тағы бір рет түсінуге мүмкіндік берді.

Просмотров: 1094


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу