Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жадынама
29.09.2025
Құрметті ата-аналар!
Бастауыш сыныптан орта буынға көшу – баланың өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең. Бұл уақытта оқушылардың сабақ кестесі өзгереді, жаңа мұғалімдер пайда болады, оқу жүктемесі артады, сыныптағы қарым-қатынастар қайта қалыптасады. Баланың сәтті бейімделуі көбінесе сіздердің қолдауларыңыз бен түсіністіктеріңізге байланысты.
Сіздің сабырлылығыңыз, назарыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаға бұл кезеңнен жеңіл өтуге және өзіне сенімді болуға көмектеседі.
Құрметпен,
Мектеп психологы
Просмотров: 1274