2 сыныпта сынып сағат

22.10.2025

20 қазан күні 2-сыныпта «25 қазан – Қазақстан Республикасының күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихымен танысып, бұл мемлекеттік мерекенің маңызын білді, тәуелсіздік нышандары мен ел жетістіктері туралы ақпарат алды.
Балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, мемлекеттік рәміздерді қарап, өз Отанын мақтанышпен атады.
Сынып сағаты оқушылардың отансүйгіштік сезімін, елге деген сүйіспеншілігі мен құрметін тәрбиелеуге бағытталды.

Просмотров: 1089


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу