Онкүндік шеңберіндегі сыныптан тыс ашық іс-шара

23.10.2025

23 қазанда 1-сыныпта бастауыш сынып мұғалімдері оңкүндігі аясында,  «Көңілді математика» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мұғалім Кульбаева Жанагуль Нұрбайқызы оқушыларға логикалық ойлауын, зейінін және тапқырлығын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар мен ойындар дайындады.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Бірінші сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен есептер шығарып, жұмбақтар шешіп, белсенділік пен тапқырлық танытты. «Көңілді математика» оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, оқудың қызықты әрі пайдалы екенін көрсетті!

Просмотров: 995


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу