бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты жабылуы
25.10.2025
24 қазан күні, мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. Онкүндік барысында оқушылар өздерінің белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін және ізденімпаздықтарын көрсетті. Әртүрлі сайыстар мен викториналарға қатысып, қызықты шаралардың белсенді қатысушылары болды.
Қорытынды іс-шарада онкүндік нәтижелері шығарылып, ең белсенді және ең еңбекқор оқушылар марапатталды. Мұғалімдер балаларға ынталары мен еңбектері үшін алғыс білдірді.
Бұл онкүндік бастауыш сынып оқушыларының талантты, ұйымшыл және білімге құштар екенін тағы да дәлелдеді. Алда оларды жаңа жетістіктер мен жаңалықтар күтіп тұр!
Просмотров: 1059