«Жасөспірім және заң: құқығыңды біл — жауапты бол» тақырыбында сынып сағаты
25.11.2025
24 қарашада 9-сыныпта «Жасөспірім және заң: құқығыңды біл — жауапты бол» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар жасөспірімдердің негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелерін және күнделікті өмірдегі құқықтық сауаттылықтың маңызын талқылады.
Қосымша ретінде
«Қауіпті хобби түрлері мен демалыс орындары»
тақырыбы қарастырылды.
Оқушылар қандай хоббилер мен демалыс орындарының денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екенін, жас ерекшеліктері мен ережелерді сақтаудың, сондай-ақ сақтық шараларын қолданудың маңыздылығын талқылады. Нақты жағдайлардан мысалдар келтіріліп, қауіптің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Өткізілген сынып сағаты жасөспірімдердің өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауына, ойланбай жасалған әрекеттердің салдарын түсінуіне және құқықтық мәдениетін нығайтуына ықпал етті.
Просмотров: 1589