"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 Белсенді күн" сурет байқауы
02.12.2025
Халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балаларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтарын танып-білуге бағыттау және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға тәрбиелеу.
Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы бейбітшілік, мейірім және өзара құрмет тақырыптарын суреттеп, маңызды ойларын қағаз бетіне түсірді. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, өз көзқарасын шығармашылық түрде жеткізе алды.
Бұл шара балалардың бойында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға және қауіпсіз орта құру идеясын насихаттауға ықпал етті.
Просмотров: 958