6-сыныпта «Құқықтық мемлекет – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
12.01.2026
12 қаңтар күні 6-сыныпта «Құқықтық мемлекет – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын дамыту, азаматтық жауапкершілік пен Қазақстан Республикасының заңдарына құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар құқықтық мемлекет ұғымымен танысып, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын талқылады, сондай-ақ адалдық, әділдік және заңды сақтау қоғамның жарқын болашағының негізі екені туралы қорытынды жасады.
Просмотров: 117