9-сыныпта «Өмірлік күш шығармашылықта туады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

22.01.2026
19 қаңтар күні 9-сыныпта «Өмірлік күш шығармашылықта туады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты ұйымдастыру кезеңінен және қарым-қатынасқа қолайлы, жағымды атмосфера қалыптастырудан басталды. Кіріспе әңгіме барысында білім алушылар «өмірлік күш» және «шығармашылық» ұғымдарын талқылап, өз көзқарастарын және өмірден алынған мысалдарын ортаға салды.
Оқушылар шығармашылықтың күнделікті өмірдегі көріністерін анықтап, өздерінің ішкі мүмкіндіктері мен ресурстарын тануға бағытталған шығармашылық тапсырманы орындады, жұмыстарын таныстырып, бір-біріне өзара қолдау көрсетті. Жұмыс ынтымақтастық, өзара құрмет және ерікті қатысу қағидаттарына негізделіп, ДОСБОЛLIKE бағдарламасының талаптарына сәйкес жүргізілді.
Просмотров: 76


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу