Информатика пәнінің мұғалімі дістемелік бірлестік отырысында «RoqEDAI — білім берудегі жасанды интеллект құралы: мұғалім мен оқушыға арналған мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады.

22.01.2026

Информатика пәнінің мұғалімі Козбагарова Гульсана Сарсенбаевна әдістемелік бірлестік отырысында «RoqEDAI — білім берудегі жасанды интеллект құралы: мұғалім мен оқушыға арналған мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылып, RoqEDAI платформасының оқытуды қолдаудағы, оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытудағы және мұғалім жұмысының тиімділігін арттырудағы мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар информатика сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тәжірибелік мысалдары ұсынылып, білім алушылардың цифрлық технологияларды саналы әрі қауіпсіз пайдалануын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Баяндама әріптестер тарапынан қызығушылық тудырып, оқу үдерісіне ЖИ-құралдарын енгізу перспективаларын кәсіби тұрғыда талқылауға негіз болды.

Просмотров: 174


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу