3-сынып оқушыларымен «Достық туралы әңгімелесейік» тақырыбында психолог сағатын өткізді
22.01.2026
Педагог-психолог 3-сынып оқушыларымен «Достық туралы әңгімелесейік» тақырыбында психолог сағатын өткізді.
Сабақ барысында балалар достық ұғымы жайлы ой бөлісіп, нағыз достың қандай қасиеттерге ие болуы керектігін талқылады. Оқушылар бір-біріне құрмет көрсету, мейірімділік таныту және қолдау білдіру дағдыларын үйренді. Ойын түріндегі тапсырмалар арқылы қарым-қатынас жасау және бірлесіп жұмыс істеу қабілеттері дамытылды.
Мұндай сабақтар достық қарым-қатынасты қалыптастыруға, эмоционалдық интеллектіні дамытуға және сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатуға ықпал етеді.Сабақ жылы, достық және жағымды атмосферада өтті.
Просмотров: 94