«Мені түсін тақырыбында кәсіптік бағдар беру ойыны өткізілді.
27.01.2026
Психологиялық қызмет апталығы аясында 2026 жылғы 26 қаңтарда 8–9 сынып оқушыларымен «мені түсін тақырыбында кәсіптік бағдар беру ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін және өзгені түсіне білуге үйрету, топта жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.
Ойын барысында оқушылар тапсырмаларға белсенді қатысып, бастамашылдық танытты, бір-бірін тыңдап, ортақ тіл табуға үйренді. Іс-шара жағымды әрі сенімді атмосферада өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Кәсіптік бағдар беру ойындары жасөспірімдердің өзін тануына және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға алғашқы қадам жасауына көмектеседі
Просмотров: 99