Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі онкүндігінің ашылуы аясында «Достық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
27.01.2026
26 қаңтар күні психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі онкүндігінің ашылуы аясында «Достық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
Онкүндіктің мақсаты – білім алушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған СППҚ мамандары қызметінің тиімділігін арттыру, инклюзивті мәдениетті дамыту және білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара байланысты нығайту.
Онкүндік аясында 2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығына арналған іс-шаралар жоспары құрылып, мектептің барлық білім алушылары қамтылды. Көрме онкүндіктің жарқын бастамасы болып, оқушыларға шығармашылық арқылы достық, өзара түсіністік пен қолдау құндылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді.
Просмотров: 95