6-сынып оқушыларымен «Ауғанстан – жанымның жарасы» тақырыбында, Ауған соғысы оқиғаларына арналған еске алу сағаты өткізілді.
15.02.2026
2026 жылғы 13 ақпанда 6-сынып оқушыларымен «Ауғанстан – жанымның жарасы» тақырыбында, Ауған соғысы оқиғаларына арналған еске алу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар интернационалист жауынгерлердің ерлігі мен батырлығы туралы, Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздардың тағдыры жайында мәлімет алды. Тарихи деректер ұсынылып, сол кезең куәгерлерінің естеліктері айтылды, ардагерлерге алғыс білдірілді.
Еске алу сағаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ел тарихына құрметпен қарауға және батырлардың ерлігін есте сақтауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Просмотров: 64