«Емтиханда өзін қалай ұстау керек» тақырыбында тренинг
18.02.2026
Педагог-психолог 9-сынып оқушыларымен «Емтиханда өзін қалай ұстау керек» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар емтихан кезіндегі мінез-құлық ережелерімен танысып, мазасыздықты төмендету және толқуды басқару бойынша ұсыныстар алды, сондай-ақ өзін-өзі реттеудің практикалық тәсілдерін меңгерді. Іс-шара оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, емтихан кезеңіне психологиялық дайындықтарын нығайтуға бағытталды.
Просмотров: 76