Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қызықты квест өткізілді
05.03.2026
2026 жылғы 3 наурызда 6-сыныпта Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қызықты квест өткізілді.
Оқушылар станциялар бойынша «саяхатқа» шығып, әдеби жұмбақтарды шешті, жазушылардың шығармаларын еске түсірді, фразеологизмдер мен орфографиялық тапсырмаларды орындады. Әр команда тапқырлық танытып, ұйымшылдық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаттары:
• орыс тілі мен әдебиетіне қызығушылықты арттыру;
• өтілген материалды ойын түрінде бекіту;
• коммуникативтік дағдыларды және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Квест жоғары деңгейде, тартымды әрі әсерлі өтті. Оқушылар жақсы көңіл-күй мен өз білімдеріне деген сенім алды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Смагулова
Просмотров: 216