Аудандық әдістемелік бірлестікте информатика пәнінің мұғалімі баяндама жасады

26.03.2026

Информатика пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысында информатика пәні мұғалімі Козбагарова Гульсана Сарсенбаевна «Мұғалім жұмысындағы жасанды интеллект және нейрожелілер — цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде ол жасанды интеллекттің сабаққа дайындықты автоматтандыруға, тапсырмалар мен тесттер құрастыруға, сондай-ақ оқушылармен жедел кері байланыс орнатуға көмектесетінін атап өтті. Тәжірибе жүзінде Qwen бағдарламасының жұмысы көрсетіліп, оның оқу материалдарын құрастыру және есептерді шешудегі мүмкіндіктері таныстырылды.
Уақытты үнемдеу және оқыту тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, нейрожелілерді қолдану кезінде сыни ойлау мен академиялық адалдық мәселелері қарастырылды. Баяндама әріптестердің қызығушылығын тудырып, білім беру үдерісінде цифрлық технологиялардың өзектілігін көрсетті.

Просмотров: 73


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу