Мектепалды даярлық тобында «1-ден 10-ға дейін санау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
06.05.2026
28 сәуір күні жас мұғалімдер онкүндігі аясында педагог Рылина Н.В. мектепалды даярлық тобында «1-ден 10-ға дейін санау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың 1-ден 10-ға дейін санау дағдыларын қалыптастыру, математикалық түсініктерін, зейінін және танымдық қызығушылығын дамыту. Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Сабақ барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын жаттығулары, көрнекі материалдар және практикалық тапсырмалар қолданылды. Тәрбиеленушілер жұмысқа белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
Просмотров: 49