Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, әрбір білім алушының жеке тұлғасын кешенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуде
13.05.2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, әрбір білім алушының жеке тұлғасын кешенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс барысында оқушыларға жеке мінездемелер жазылып, олардың мінез-құлқы, даму ерекшеліктері, ұжымдағы қарым-қатынасы мен эмоционалдық жағдайына талдау жасалуда.
Аталған жұмыс педагогикалық және психологиялық қолдауды қажет ететін білім алушыларды уақытылы анықтауға, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Педагогтердің бірлескен жұмысы әр баланың жеке ерекшелігін тереңірек түсінуге және білім алушыларды тиімді сүйемелдеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Просмотров: 50