Мектеп жанындағы лагерьде «Табиғатты бірге сақтайық» атты тақырыптық күн өткізілді

26.06.2026
Бүгін мектеп жанындағы лагерьде «Табиғатты бірге сақтайық» атты тақырыптық күн өткізілді. Күн барысында балалар қоршаған ортаны қорғау туралы танымдық әңгімелерге қатысып, экологиялық ойындар ойнап, шығармашылық іс-шараларға белсене қатысты. Оқушылар табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігі туралы мағлұмат алды. Бұл күн балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. 
Кузгумбай А.Н.
Просмотров: 41


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу