Аула клубы, балаларды жазғы жұмыспен қамту
14.07.2026
Жазғы демалыс — бұл тек демалуға ғана емес, сонымен қатар уақытты тиімді өткізуге таптырмас мүмкіндік. Есенгелді ауылының орта мектебінде аула клубы өз жұмысын жалғастыруда, онда әр күн қозғалысқа, спортқа және жақсы көңіл-күйге толы.
Балалар қазақ күресімен шұғылданып, футбол ойнап, қозғалмалы ойындарға қатысып, жүгіріп, денсаулықтарын нығайтуда. Мұндай сабақтар балаларға күш-жігер, ептілік пен төзімділікті дамытуға, командамен жұмыс істеуге, бір-біріне қолдау көрсетуге және салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. ☀️⚽🤼♂️
Просмотров: 37