Аула клубының жұмысы!

14.07.2026

Бүгін аула клубында жоспарға сәйкес оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойыны – «Асық ату» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың ептілігін, дәлдігін және қызығушылығын арттыру. Оқушылар ойын ережесін сақтай отырып, белсенді қатысып, мергендіктерін сынады. Ұлттық ойын арқылы балалар достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметтері нығая түсті.

Просмотров: 42


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу