"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Сенім телефоны

87164378353

Мектеп директордың азаматтарды қабылдау кестесі

Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші сыныпқа қабылдау

06.04.2022

Мемлекеттік қызмет
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

Құрметті ата-аналар, бірінші сыныпқа баратын баланың ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізілетінін хабарлаймыз.
           Мектеп бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды дайындық деңгейіне қарамастан қабылдауды қамтамасыз етеді.
          Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы және қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
     Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылатын сәйкестендіру үшін қажет);
3) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 065/у нысаны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 026/у-3 нысаны. 2003 жылғы 24 маусымдағы N 469 "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысанды есепке алу нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
4) 3х4 см өлшемдегі баланың 2 дана көлеміндегі фотосуреттері.
Көрсетілетін қызметті алушы-шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын - босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеушінің куәлігі;
5) кандас - кандас сертификаты.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі (паспорт, жеке куәлік), мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст