87164378353
Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін
ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ 80% САНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫРЫЛДЫ
ҰБТ ҚР Білім Министрлігінің орта білім комитетінде хабарлағандай, қазіргі уақытта оқулықтардың 80% - ы цифрлық форматқа көшірілген. Оқулықтар цифрлық түрде мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.
Цифров️цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында оларды педагогтар пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
💬"Бүгінгі таңда елімізде бастауыш сынып оқулықтарының 94%, 5-9 сынып оқулықтарының 81%, 10-11 сынып оқулықтарының 61% электронды нұсқаға ауыстырылды. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарлануда", - деді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
🧑 💻Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиялық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді пайдаланылады. Бүгінгі таңда 50 мыңнан астам цифрлық білім беру ресурстары құрылды.
Цифров️2023 жылдың басынан бастап цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бүгінгі таңда бұл ресурсты күн сайын 3 миллионға жуық оқушылар мен мұғалімдер пайдаланады. Цифрлық білім беру ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан астам бейне сабақтар жарияланды.
Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32
Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/
Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна