87164378353
Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін
2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
1) біліктілік бағалау;
2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік бағалау;
3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
4. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
5. Педагогтер аттестаттаудан өту үшін ұлттық біліктілік тестілеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға өтініш беру жолымен тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуден электрондық форматта өтеді.
6. Ұлттық біліктілік тестілеу педагог өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
7. Педагогтердің өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.
8. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
9. Ұлттық біліктілік тестілеу:
1 (бір) рет – тегін,
қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде,
білім беру ұйымдарының басшылары үшін - ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде өтеді.
10. Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.
11. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" - отыз тапсырма;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;
Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;
Арнайы пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
"Қызмет бағыты бойынша" - жетпіс тапсырма;
Өндірістік оқыту шеберлері:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
"Қызмет бағыты бойынша" - отыз тапсырма;
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Психология негіздері" - отыз тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма.
6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
"Заңнаманы білу" бағыты бойынша - 80 (сексен) сұрақ;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) сұрақ;
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
"Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
"Басқару құзыреті" бағыты бойынша - 20 (жиырма) сұрақ.
12. Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.
13. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) болып табылады.
Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32
Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/
Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна